Мәзір құрамы принтер үлгісіне қарай әртүрлі.
Сенсорлы экранды үлгілерде белгішені тікелей принтер экранынан таңдаңыз.
Сенсорлы емес экранды үлгілерде көрсеткі пернелерін пайдаланыңыз. Артынан OK түймесін басыңыз.
Принтердің ток көзіне қосылып, жұмысқа дайын екенін тексеріңіз.
Принтерге өтіп, үлгісіне қарай төменде берілген әдістердің біреуі арқылы Wi-Fi желісін орнату мәзіріне кіріңіз.
белгішесін таңдаңыз.
Wi-Fi Setup (Wi-Fi орнату) тармағын таңдаңыз.
белгішесін, содан кейін Menu (Мәзір) түймесін түртіңіз.
Принтер үлгісіне қарай төмендегі әдістердің біреуін қолдану арқылы Wi-Fi Direct орнату мәзіріне кіріңіз.
Wi-Fi Direct Routerless Setup (Wi-Fi желісін роутерсіз тікелей орнату)/ Wi-Fi Direct Setup (Wi-Fi желісін тікелей орнату) тармағын таңдаңыз.
Wi-Fi Direct Routerless Setup (Wi-Fi желісін роутерсіз тікелей орнату)/ Wi-Fi Direct Setup (Wi-Fi желісін тікелей орнату), содан кейін Connection Setup (Байланыс орнату) тармағын таңдаңыз.
Принтер экранындағы нұсқауларды орындап, Proceed (Жалғастыру) немесе OK түймесін басыңыз.
Принтер экранында көрсетілген SSID идентификаторын тексеріңіз.
Көрсетілмесе, OK немесе белгішесін басып, SSID идентификаторын компьютер арқылы іздеңіз.
Компьютердің Wi-Fi параметрлеріне көрсетілген құпия сөзді енгізіңіз. Принтер экранында көрсетілмесе, белгішесін басыңыз.
Wi-Fi желісін орнату процесін аяқтаңыз.