Мәзір құрамы принтер үлгісіне қарай әртүрлі.
Сенсорлы экранды үлгілерде белгішені тікелей принтер экранынан таңдаңыз.
Сенсорлы емес экранды үлгілерде көрсеткі пернелерін пайдаланыңыз. Артынан OK түймесін басыңыз.
Принтердің ток көзіне қосылып, жұмысқа дайын екенін тексеріңіз.
Принтерге өтіп, үлгісіне қарай төменде берілген әдістердің біреуі арқылы Wi-Fi желісін орнату мәзіріне кіріңіз.
белгішесін таңдаңыз.
Wi-Fi Setup (Wi-Fi орнату) тармағын таңдаңыз.
, содан кейін Wi-Fi Setup (Wi-Fi орнату) тармағын түртіңіз.
Push Button Setup(WPS) (Түймені орнату (WPS))/ Push Button (WPS) (Түймені (WPS)) тармағын таңдаңыз.
Сымсыз роутердегі (кіру нүктесіндегі) WPS түймесін басыңыз. Енді принтерден Proceed (Жалғастыру) немесе OK түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ:
Сымсыз роутерде (кіру нүктесінде) түймелер болмаса, WPS мүмкіндігін cымсыз роутер (кіру нүктесі) бағдарламалық жасақтамасы көмегімен қосыңыз.
Аяқталуы туралы хабар көрсетілгенде, Wi-Fi желісін орнату процесін аяқтау үшін OK түймесін басыңыз.
Егер Wi-Fi желісін орнату әрекеті сәтсіз аяқталса, төмендегі сілтемені басыңыз.