Драйверді орнату кезінде принтер танылмаса, осы бөлімде берілген шешімдерді қолданып көріңіз.
1. Принтер қосулы ма?
Принтер қосулы екеніне көз жеткізіңіз.
Қуат кабелі электр розеткаға мықтап тығылғанына көз жеткізіңіз.
Басқа электр жабдықтың қуат кабелін электр розеткаға тығыңыз да, жабдықты қосып, қуат көзін тексеріңіз. Егер басқа электр жабдыққа қуат келіп тұрса, принтердің ақаулығы бар болуы мүмкін.
Егер принтер өшірулі болса:
Принтерді қосыңыз да, Артқа түймешігін басыңыз.
Егер принтер қосулы болса:
Келесі қадамға өтіңіз.
2. Компьютеріңіз бен принтеріңіз дұрыс жалғанған ба?
USB кабелі принтеріңізге және компьютеріңізге мықтап жалғанғанына көз жеткізіңіз де, USB кабелінің зақымдалмағанын немесе асыра бүгілмегенін тексеріңіз.
Егер принтер принтер коммутаторына немесе принтер буферіне жалғанған болса, ол драйверді орнату кезінде танылмайды. Бұлай болса, принтерді USB кабелі арқылы тікелей компьютеріңізге жалғауға тырысыңыз.
Принтерді компьютеріңізге USB хабы арқылы жалғайтын болсаңыз, онда оны компьютерден бірінші дәрежелі хабқа жалғаңыз. Егер принтер драйвері әлі де компьютеріңізде танылмаса, принтерді компьютеріңізге USB хабын қолданбай-ақ, тікелей жалғауға тырысыңыз.
Принтерді компьютеріңізге USB хабы арқылы жалғайтын болсаңыз, USB хабы құрылғысы компьютеріңіз тарапынан танылатынына көз жеткізіңіз.
Компьютеріңіз бен принтеріңіз дұрыс жалғанбаған болса, оларды дұрыс жалғаңыз да, содан кейін Артқа түймешігін басыңыз.