Сіздің жаңа осы принтерге арналған TCP/IP параметрлерін (IPv4) көрсетуіңіз мүмкін. Кез келген параметрді өзгертудің алдында сізге Желілік әкімшімен ақылдау керек.
Ескерту: Орнату утилитасы сіздің жүйеңіздің параметрлерін анықтап, ұсынылған TCP/IP параметрлерімен (IPv4 және IPv6 екеуімен де) қамтамасыз етеді, бірақ IPv4 параметрлерін қалауыңызша өзгертуіңізге болады (бұл утилитаны IPv4 параметрлерін конфигурациялау үшін ғана қолдануға болады). Тағайындалатын параметр мәндері орнатып болмайынша принтерде конфигурацияланбайды.
· Егер принтерде жарамды TCP/IP параметрлері болмаса:
Принтер үшін жарамды IP мекенжайын (IPv4), жарамды ішкі желі маскасын және шлюз үшін жарамды IP мекенжайын берілген өрістерге енгізіңіз. Мәндерді тағайындаудың алдында сізге Желілік әкімшімен ақылдасу керек.
Орнату утилитасы арқылы TCP/IP параметрлерін автоматты түрде енгізу үшін Параметрлерді ұсыну батырмасын басыңыз.
Әдепкі порт атауының құсбелгісін пайдаланыңыз (Windows NT, 2000 және XP). Принтеріңізге әдепкі порт параметрлерін пайдалану үшін осы жолақты тексеріңіз. Егер бұл жолақ тексерілмесе, Порт аты диалог терезесі келесі шебер экраны болмақ.
АБАЙЛАҢЫЗ: Егер сіздің принтеріңіз басқа желілерге жалғанса, утилита ұсынған TCP/IP параметрлері бірегей болмауы мүмкін және басқа құрылғылармен үйлеспеуі мүмкін. Басқа TCP/IP желілеріне жалғаған кезде сақ болыңыз.
· Егер принтердн жарамды TCP/IP параметрлері болса:
Ағымдағы TCP/IP параметрлері шығады.
АБАЙЛАҢЫЗ: Жарамды TCP/IP параметрлерін өзгерту басқа пайдаланушылардың қолдануына жол бермеуі мүмкін. Жарамды параметрлерді өзгертудің алдында Желілік әкімшіңізбен ақылдасыңыз.
Ескерту: Егер TCP/IP параметрлері HP Web Jetadmin сияқты басқарушы бағдарламалық құралмен қорғалған кілтсөз болып табылса, енгізу өрістері сұр түспен беріледі.
Әдепкі порт атауының құсбелгісін пайдаланыңыз (тек Windows NT, 2000 және XP жүйелеріне арналған). Принтеріңізге әдепкі порт параметрлерін пайдалану үшін осы жолақты тексеріңіз. Егер бұл жолақ тексерілмесе, Порт аты диалог терезесі келесі шебер экраны болмақ.