Принтерді анықтау
Орнатушы бағдарлама желіден принтеріңізді анықтай алмаса, келесілерді тексеріңіз:
Жоғарыда аталғандарды анықтағаннан кейін принтеріңізді іздеудің келесі әдістерінің бірін таңдаңыз:
- Принтерлерді анықтау тізімінен таңдау. Сіз тізімнен жергілікті желіде анықталған қол жетерлік принтерлерді таңдай аласыз. Сіз Келесі батырмасын басқаныңызда, утилита желіден принтерлерді іздеп, оларды тізім түрінде шығарады. Одан кейін Сіз тізімнен қалаған принтеріңізді таңдай аласыз.
- Принтерді адрес арқылы анықтау. Сіз нақты принтерді адресі арқылы таңдай аласыз. Сіз Келесі батырмасын басқаныңызда Сізге принтерді не оның жергілікті желідегі аспаптық құрал адресі, IP адресі немесе IP хост атауы арқылы анықтау кеңесі беріледі.
- Желіден тыс орналасқан принтер баптауларын енгізіңіз. Осы опцияны Сіз желіге қосылмаған принтерге портты конфигурациялаған жағдайыңызда таңдаңыз. Осы опция жөніндегі көбірек ақпаратты принтеріңізбен бірге жеткізілетін құжаттамадан қараңыз.
Көбірек ақпарат алу үшін:
Желіде Басып Шығару Терминдерінің Глоссариі