HP LaserJet Pro MFP M25-M27

Бағдарламалық құралды орнату ескертпелері

Edition 1, 10/2016

 


МАЗМҰНЫ

I. КІРІСПЕ. 2

II. ОРНАТУ НҰСҚАУЛАРЫ. 4

III. ТЕХНИКАЛЫҚ КӨМЕК. 4

IV. ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘЛІМДЕМЕЛЕР. 5

 


I. КІРІСПЕ

ПРИНТЕР ҚОЛДАУ ВЕБ-ТОРАБЫ

Қолдау көрсетілетін операциялық жүйелердің ағымдағы тізімін тауып, бағдарламалық құралды жүктеп алу үшін www.hp.com/support/ljM25-M27mfp тармағына өтіңіз.

Төмендегідей қолдау көрсетіледі:

·         Қолдау көрсетілетін операциялық жүйелердің ағымдағы тізімі

·         Драйверлер мен бағдарламалық құралдарды жүктеп алу сілтемелері

·         Принтер құжаттамасы

·         Белгілі мәселелердің жаңартылған тізімі

·         Желідегі техникалық қолдау

ОСЫ ҚҰЖАТТЫҢ МАҚСАТЫ

Бұл файлда орнату, үйлесімділік және ақауларды жою туралы арнайы ақпарат беріледі. Принтер мен драйвер мүмкіндіктері туралы қосымша ақпаратты принтердің пайдаланушы нұсқаулығынан және әрбір бағдарламалық құрал қолданбасында берілген электрондық анықтамадан қараңыз.

Ықшам дискіні орнату опциясы туралы ақпарат

Принтермен келетін ықшам дискі құрамына төмендегі «Қолдау көрсетілетін операциялық жүйелер» бөлімінде тізімделген операциялық жүйелердің бағдарламалық құралы кіреді. Ықшам дискіде орнатқыш бағдарламалық құралын жүктеп алуға болатын веб-торапқа сілтеме болады. Не болмаса, орнатқыш бағдарламалық құралын осы құжаттың бас жағындағы тізімде берілген принтерді қолдау веб-торабынан жүктеп алыңыз.

Интернеттен орнату опциясы туралы ақпарат

Операциялық жүйені автоматты түрде анықтайтын және тиісті шешімдерді қамтамасыз ететін HP Easy Start деп аталатын қолданбаны жүктеп алу үшін 123.hp.com веб-торабына өтіңіз. 123.hp.com бастапқы бетінде Принтер таңдау ашылмалы тізіміне басып, HP LaserJet принтерлері опциясын таңдаңыз. Бастау түймесін, одан кейін Жүктеп алу түймесін басыңыз. Қолдау көрсетілетін операциялық жүйелер төменде тізімделеді.

ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕТІН ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР


Өніммен берілетін ықшам дискіде келесі операциялық жүйелерге арналған бағдарламалық құралдар бар:


 

Төмендегі операциялық жүйелерде ұсынылатын бағдарламалық құрал құрамдастарын қолдануға болады:


Ұсынылатын бағдарламалық құрал келесі құрамдас бөліктерден тұрады:


Келесі операциялық жүйелерде бағдарламалық құрал құрамдас бөліктерінің ең аз жинағын ғана қолдануға болады:


Бағдарламалық құралдардың ең аз жинағы келесі құрамдас бөліктерден тұрады:

БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІКТЕРІНЕ ЖАЛПЫ ШОЛУ

Windows CD-ROM дискісінің ішінде IBM компаниясының компьютерлік жүйелерімен үйлесімді бағдарламалық құралдар бар. Арнайы драйверлер немесе бағдарламалық құрал құрамдас бөліктері туралы толық ақпаратты тиісті электрондық анықтамадан қараңыз.


Драйверлер

Драйвер — бағдарламалық құрал қолданбаларының өнім функцияларын пайдалануға мүмкіндік беретін бағдарламалық құрал. Әдетте әр өнімнің драйверлерін орнату керек. Өнім бағдарламалық құралымен берілетін CD-ROM дискісінде төмендегі Windows драйверлері бар:

Жоғарыда айтылған операциялық жүйелерді қолдайтын HP PCLmS принтер драйвері.

 

TWAIN үйлесімділігі бар HP WIA Scan драйвері.

Қосымша драйверлерді HP таратушыларынан немесе интернет ресурстардан алуға болады. Драйверлер мен басқа HP бағдарламалық құралдарын алу туралы қосымша ақпаратты осы құжаттың «Техникалық қолдау» бөлімінен немесе өнімнің пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.


Бағдарламалық құрал қолданбалары

HP Device Toolbox

HP Device Toolbox тонер және қағаз көлемі сияқты өнімнің күй ақпаратын, сондай-ақ өнімге көңіл аудару керек болғанда қалқымалы дабыл хабарларын береді. Сонымен қатар, HP Device Toolbox өнімнің параметрлерін реттеу үшін пайдаланылады.

Жою бағдарламасы

Жою бағдарламасы арқылы Windows HP өнімінің құрамдас бөліктерін жоюға болады. Нұсқауларды «Жою бағдарламасы» бөлімінен қараңыз.

II. ОРНАТУ НҰСҚАУЛАРЫ

CD-ROM орнату немесе орнату бағдарламалық құралы пайдаланылып жатқан операциялық жүйенің нұсқасын және тілін анықтайды.

USB кабелін пайдалану кезіндегі Windows орнатымы:

  1. USB кабелін компьютер мен принтерге жалғаңыз.
  2. Экрандағы нұсқауларды Осы компьютерді USB кабеліне тікелей қосу жолы арқылы орындаңыз.

Ескертпе: Орнату бағдарламасы автоматты түрде іске қосылмаса, компьютерде AutoPlay мүмкіндігі өшіп тұрған болуы мүмкін. Егер осы орын алса, Windows Бастаутүймешігін басыңыз және Компьютер (немесе Менің компьютерім) тармағын таңдап, «HP құрылғысы» белгішесін екі рет нұқыңыз. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

Ескертпе: Егер орнату бағдарламасында қате орын алса, USB кабелін ажыратып, өнімді өшіріңіз де, қайтадан қосып, өнімнің ықшам дискісін компьютерге салыңыз. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Кабельді тек бағдарламалық құрал нұсқау бергенде жалғаңыз.


Желідегі принтерлерге арналған Windows орнатымы (сымды немесе сымсыз):

Ықшам дискіні компьютерге салып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

Ескертпе: Сымды желіні пайдаланған жағдайда, ықшам дискіні салмас бұрын желі кабелін қосыңыз.


OS X жүйесі үшін орнатым (USB немесе желі):

Ықшам дискіні компьютерге салып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

Ескертпе: USB немесе сымды желі қосылымын пайдалансаңыз, ықшам дискіні салмастан бұрын USB немесе желі кабелін қосыңыз.

ИНТЕРНЕТТЕН ОРНАТУ

1.     123.hp.com торабына өтіңіз.

2.     LaserJet параметрін таңдаңыз.

3.     Бастау түймесін басып, HP Easy Start қызметтік бағдарламасын жүктеп алу үшін Жүктеп алу түймесін басыңыз.

4.     HP Easy Start қызметтік бағдарламасын ашып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

 

ЖОЮ БАҒДАРЛАМАСЫ

Ұсынылатын немесе бағдарламалық құралдардың ең аз жинағы орнатылған болса, жою бағдарламасының утилитасын қолдануға болады. Жою бағдарламасы HP өнімі бағдарламалық құралының құрамдас бөліктерін жояды.

  1. Бастау мәзірінен Барлық бағдарламалар, одан кейін HP тармағын таңдаңыз. Егер бірнеше HP өнімі бар болса, қажетті принтерді таңдап, бағдарламалар тобындағы Жою түймешігін басыңыз.
  2. Бағдарламалық құралды жоюды аяқтау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

 

III. ТЕХНИКАЛЫҚ КӨМЕК

Тұтынушыларға қолдау көрсету туралы ақпарат алу үшін, пайдаланушы нұсқаулығын немесе қораптағы қолдау көрсету флайерін қараңыз немесе жергілікті өкілетті HP дилеріне хабарласыңыз.

Сондай-ақ, желідегі техникалық қолдауды алу үшін келесі веб-торапқа өтуіңізге болады:
www.hp.com/support/ljM25-M27mfp.

 

IV. ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘЛІМДЕМЕЛЕР

САУДА БЕЛГІЛЕРІ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУЛЕР

Apple және Apple логотипі — Apple Inc. компаниясының АҚШ пен басқа елдерде тіркелген сауда белгілері.

OS X — Apple Inc. компаниясының АҚШ пен басқа елдерде тіркелген сауда белгілері.

AirPrint — Apple Inc. компаниясының АҚШ пен басқа елдерде тіркелген сауда белгілері.

Microsoft®, Windows® және Windows® XP — Microsoft корпорациясының АҚШ-та тіркелген сауда белгісі.

КЕПІЛДІК ЖӘНЕ АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР

Кепілдік

Толық кепілдік пен қолдау туралы ақпаратты принтердің Кепілдік және құқықтық нұсқаулығынан және Пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.

Авторлық құқықтар

© 2016 Copyright HP Development Company, L.P.

Авторлық құқықтар бойынша рұқсат етілген жағдайларды қоспағанда, алдын ала жазбаша рұқсатсыз осы құжаттың көшірмелерін таратуға, бейімдеуге немесе аударуға тыйым салынады.

Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі.

НР өнімдері мен қызметтеріне берілетін кепілдіктер тек сондай өнімдер мен қызметтерге қоса берілетін тікелей кепілдік мәлімдемелерінде көрсетіледі. Осы құжаттағы ешнәрсе қосымша кепілдік деп түсінілмеуі тиіс. HP компаниясы осы құжатта кеткен техникалық немесе редакциялық қателер немесе қателіктер үшін жауапты емес.