Глоссарий

A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

А Ә Б В Г Ғ Д Е Ё Ж З И Й К Қ Л М Н Ң О Ө П Р С Т У Ұ Ү Ф Х Һ Ц Ч Ш Щ Ъ Ы І Ь Э Ю Я

-A-

ARP
Адрестердің Ажыратымдылық Протоколы.
ARP Протоколы ІР адресін Ethernet адресі сияқты іс жүзіндегі адреске (DLC адресі деп аталынатын) ауыстыру үшін қолданылатын TCP/IP Протоколы болып табылады. Іс жүзіндегі адресті анықтап отырған хост ARP сұратуын TCP/IP желісіне жібереді. Сұратуында ІР адресі бар желідегі хост одан кейін оның іс жүзіндегі құрал адресімен жауап береді.

Құжаттың басы

-B-

BootP
Өздігінен жүктеу протоколы ІР адресін және өзге TCP/IP параметрлерін желілік серверден автоматты түрде жүктеу үшін қолданылады. Принтер (немесе Барлығы-біреуде құрылғысы) қосылғанда, HP Jetdirect баспа сервері түбірлік сұратуды таратады. Егер BootP сервері дұрыс орнатыл5ан болса6 ол параметрлерді Jetdirect баспа принтеріне желі арқылы тапсырады. Оған қоса, DHCP қараңыз.

Құжаттың басы

-C-

CAB файлы
Картотека файлы.
CAB файлының .cab кеңейтуі бар және сығылған файлдардың біршама мөлшерін сақтау үшін құрылатын жалғыз файл болып табылады.

Құжаттың басы

-D-

DHCP
Хосттың Қарқынды Конфигурациялану Протоколы.
Желі серверінен ІР адресін автоматты түрде жүктейтін BootP протоколына ұқсас. Дегенмен, DHCP сервері қарқынды түрде сұрату жіберген құрылғыларға белгіленетін IP адрестерінің резервін сақтап, баспа серверіне IP адресін ғана береді. Принтер (немесе Барлығы-біреудеқұрылғысы) өшіріліп, қайта қосылған сайын DHCP серверінің сондай әрекет орындауына қарамастан, Jetdirect баспа серверіне уақыт өтісімен ұқсас IP адресінің берілетіндігі кепілдендірілмейді.

Құжаттың басы

-E-

Құжаттың басы

-F-

Құжаттың басы

-G-

Құжаттың басы

-H-

HP Jetdirect Баспа Сервері
HP Jetdirect баспа серверлері принтерлерді тікелей желіге қосатын Hewlett-Packard компаниясының желілік құрылғылары болып табылады. Тікелей желі қосылысы орналасу икемділігіне және принтердің (немесе Барлығы біреуде құрылғысының) барынша орындауына қол жеткізу мүмкіндігін береді.
HP Jetdirect ішкі баспа сервер карталары кіріс/шығыс ұялары бар HP принтерлерімен қолданылады. Кейбір HP Jetdirect сыртқы баспа серверлері параллель порты бар барлық дерлік принтерлермен қолданылып, өзге HP Jetdirect баспа серверлері USB порты бар барлық дерлік принтерлермен қолданыла алады. Баспа серверінің екі түрі де барлық кең тараған желілік топология мен протоколдарды қолдайды.

HP Jetdirect тест бетін басып шығару
HP Jetdirect тест бетін басып шығару үшін өзіңіздің HP Jetdirect құрылғысын орнату жөніндегі нұсқаулығын немесе өзіңіздің принтеріңіздің құжаттамасынан анықтамалық ақпаратты тауып алыңыз. HP Jetdirect сыртқы баспа серверінде баспа серверіндегі Тест батырмасын басып, ұстап тұрыңыз.

Құжаттың басы

-I-

INF файлы
INF файлының .inf кеңейтпесі бар және құрылғы жөніндегі ақпаратты қамтиды. Ол орнату бағдарламасына құрылғының атауын және қандай файлдың қайда көшірілуі тиіс екендігін хабарлайды.

IP адресі
Интернет Протокол адресі. IP адресі  TCP/IP желісінде әр құрылғыны бірегей түрде танып,  әдетте желілік администратормен бақыланады. Ең соңғы буындағы HP Jetdirect баспа серверлері IPv4 және IPv6 адрестің екеуін де қолдайды.
Jetdirect баспа сервері қосылғанда, ол қалыпты жағдайда өзін  желі серверінен алынған жарамды ІР адресі арқылы конфигурациялауға тырысады. Жарамды IP адресі  белгілене алмаған жағдайда, автоматты түрде стандартты адрес белгіленеді. Стандартты адреспен бірнеше құрылғы конфигурацияланған болса,  Жергілікті желі Құрылғысының (MAC) Адресін дұрыс  құрылғыны идентификациялау үшін тексеріңіз.

IP хост атауы
IP хост атауы принтердің ІР адресінің орнына пайдаланыла алатын ыңғайлы (немесе идентификациялау-үшін-қолайлы) атау болып табылады. Ол желіде хост атауларды сәйкес болған ІР адрестерімен байланыстыру үшін орнатылған
атаулар сервері болған жағдайда қолданыла алады. Хост атауы принтерде белгіленіп, конфигурацияланғанда (мысалы printer1.marketing.com), Сіз принтерді идентификациялау үшін хост атауын анықтай аласыз.

IPv4
IPv4 Интернет протоколдың 4-нұсқасы болып табылады. IPv4 адрестерінің құрамында бөлуші нүктелі ондық тапсырыста берілген 32 бит бар, мысалы 192.168.100.250. Егер жарамды IPv4 адресі желілік сервермен белгіленбесе, Jetdirect баспа сервері өз бетімен желіге байланысты түрде не тізбекті-жергілікті/Автоматты-IP адресін (169.254.x.x) не стандартты мирасқорлық адресті (192.0.0.192) белгілейді.

IPv6
IPv6  Интернет Протоколдың жетілдірілген нұсқасы болып,  бір күні IPv4 орнын басуы мүмкін. Бірақ ол IPv4мен бірге де қолданылуы мүмкін. IPv6 адрестерінің ұзындығы 128 бит болып табылады және мәндерінің белгіленуі қос нүктелі оналтылық тапсыруда, мысалы 2001:0DB8:0000:0000:0000:0000:1428:57AB. Сөйтіп, IPv6 адрестері кейде құрылғылардың желіге қосылуының өсуін қолдай алады. IPv4 өзгешілігі, принтер үшін б3рнеше IPv6 адресі белгілене алады. Оған қоса, стандартты тізбекті-жергілікті IPv6 адрестері автоматты түрде белгіленгенде, маршрутизаторға негізделген, серверге негізделген және қолмен белгіленетін IPv6 адрестері белгілене алады.

Құжаттың басы

-J-

Jetdirect баспа сервері
Қараңыз HP Jetdirect баспа серверін.

Jetdirect Кілтсөзі
A Jetdirect кілтсөзі HP Jetdirect баспа серверінің конфигурациялау параметрлеріне кіруді шектеу үшін желілік администратормен белгіленеді. Jetdirect кілтсөздері жеіліні басқару қосымшасын (HP Web Jetadmin сияқты) немесе өзге құралдарды пайдалана отырып белгіленеді.

Құжаттың басы

-K-

Құжаттың басы

-L-

Құжаттың басы

-M-

Құжаттың басы

-N-

NDS
Novell Директорясының Қызметтері.
NDS қиысынды түрде желі ресурстарын иерархиялық шежіре құрылымының нысандары түрінде ұйымдастыратын деректер базасы болып табылады. Сәйкес құқықтарды алғанда, Сіз ол желі ресурстарына олардың орналасу орнына қарамай қол жеткізе аласыз. NDS жүйесі Novell деректер базасының орнын басу мақсатымен жасалған.

Құжаттың басы

-O-

Құжаттың басы

-P-

PCL Принтер Драйвері
Негізгі мақсатты басу үшін ең жақсы нұсқа.
Word, Excel және PowerPoint сияқты мәтіннің электронды өңделуінің, ірі форматты кестенің және тұсаукесер қосымшаларының көбі үшін ең жақсы таңдау.

PING
Интернет Пакеттерін Жіберуші.
PING Арнайы IP адресіне қол жеткізуге болатындығын анықтайтын утилита болып табылады. Ол белгіленген адреске пакет жіберіп, жауап күту әдісімен жұмыс істейді. PING негізінен Интернет байланысының ақаулықтарын түзету үшін қолданылады. Дербес компьютерлер үшін алып пайдалануға болатын тегін және сынақты PING утилиталарының түрлері көп.

PostScript Принтер Драйвері
Бейімделген баспа үшін ең жақсы нұсқа болып табылады.
Стол үсті баспасы және Photoshop, PageMaker және FrameMaker қарқынды графикалық қосымшалар үшін ең жақсы нұсқа.

Құжаттың басы

-Q-

Құжаттың басы

-R-

Құжаттың басы

-S-

SNMP Топтық Атауы
SNMP Орнатпа Топтық Атауы SNMP принтер конфигурацияларын өзгерту үшін қолданылғанда аталуы тиіс кілтсөз болып табылады. Таңдалған принтер (немесе Барлығы-біреуде құрылғысы) SNMP Топтық Атауымен немесе Jetdirect кілтсөзімен қорғалған жағдайда, сізге топтық атау бойынша кеңес беріледі. Жарамды топтық атауының ұзындығы 255 таңбаға дейін құрайды.
Ескерту: Сізге кеңес тек стандартты емес SNMP Орнатпа Топтық Атауы белгіленген жағдайда ғана беріледі. SNMP Орнатпа Топтық Атауы желілік администратормен басқару қосымшасын (HP Web Jetadmin сияқты) немесе өзге құралды пайдалана отырып белгіленуі мүмкін.

Құжаттың басы

-T-

Құжаттың басы

-U-

USB кабелі
Әмбебап Сериялы Шина (USB) кабелі әдеттегі тікелей байланыстыру кабелі болып табылады.

Құжаттың басы

-V-

Құжаттың басы

-W-

WEP
Ерекше қауіпсіздік стандарты,Wi-Fi желілерін сымсыз желі трафигін шифрлау үшін қолданылады.  WEP қауіпсіздікті бір сымсыз құрылғыдан екінші сымсыз құрылғыға радио толқындарымен жіберілетін деректерді шифрлап, деректерді тыңдаушылар үшін түсініксіз етеді. Тек принтермен ортақ WEP баптауларын пайдаланатын құрылғылар ғана принтермен байланыса алады.

WEP кілті
WEP кілті немесе «шифрлау кілті», әріптік-сандық таңбалардың немесе оналтылық сандар тізбегі болып табылады. WEP кілті құрылғаннан кейін Сіз оны есіңізде сақтап алуыңыз немесе қауіпсіз жерде сақтап қоюыңыз тиіс. Сіз WEP кілтін жоғалтқан жағдайда оны қалпына келтіре алмайсыз. WEP кілті не 64 не 128 биттен тұруы мүмкін. Кілттің бастапқы 24 биті автоматты түрде беріледі. WEP кілтін құру барысында кілтті құрып отырған тұлға қалған биттерді (64 биттік кілт жағдайында 40 бит немесе 128 биттік кілт жағдайында 104 бит) қамтамасыз етеді.
WEP кілтін құру үшін, WEP кілтінің әріптік-сандық немесе оналтылық сандық болуына және құрамында қанша биті болуына байланысты келесілерді енгізіңіз:

Түр

Биттер

Келесілер тізбігін енгізу...

әріптер-сандар

64

Бес әріптік-сандық таңба

128

Он үшін әріптік-сандық таңба

оналтылық

64

Он оналтылық сан

128

Жиырма оналтылық сан

WPA-Жеке (Wi-Fi Қорғалған Кіру)
Жетілдірілген, Wi-Fi желілеріне арналған, деректердің күшті қорғанысын және желіге кірудің басқарылуын қамтамасыз ететін қауіпсіздік стандарты. 

Құжаттың басы

-X-

Құжаттың басы

-Y-

Құжаттың басы

-Z-

Құжаттың басы

-А-

Арнайы желі (Құрылғыдан Құрылғыға Желісі)
Құрылғыдан Құрылғыға Желісі 2 немесе одан да көп сымсыз құрылғының орталықтандырушы базалық станцияны немесе Сымсыз Кіру Нүктесін (WAP) пайдаланбай байланысуы болып табылады. 

Желінің осы түріндегі орындау желіге алтыдан көп құрылғы қосылған жағдайда нашарлауы мүмкін.

Атау Шарттылығы, Ортақ пайдаланымдағы ресурс Атауы
Microsoft корпорациясының ұсыныстарына негізделе отырып, атау 7 биттік ASCII (алғашқы 127) таңбамен шектелген. Аралық бос кеңістіктерді пайдалануға рұқсат етілмеген. Осы ережелерді орындаңыз:

Атау Шарттылығы, Принтер
Принтерді (немесе Барлығы-біреуде құрылғысын) атағанда, келесі ережелерді орындаңыз:

Атаулар Сервері
Атаулар сервері болып ІР адресті хост атауларын (компьютер немесе сервер атауларын) карталау (немесе шешу) үшін пайдаланылатын компьютер табылады. Домен Атаулары Жүйесінің (DNS) сервері және Windows Интернет Атауы Қызметінің (WINS) сервері атау серверлерінің мысалы болып табылады.


Аутентификация
Аутентификация сымсыз желінің қауіпсіздік стратегиясы болып табылады. Аутентификациялы желіде құрылғылар кілтсөз ретінде ортақ пайдалану кілтін қолданып, кілтті танитын құрылғыармен ғана байланысады. WEP өзгешілігі, аутентификация сымсыз құрылғылар арасында жіберілетін деректерді шифрламайды. Дегенмен, аутентификация WEP байланыстыра отырып қолданыла алады. Аутентифкациялау кілті мен WEP кілті ұқсас болуы мүмкін.

Құжаттың басы

-Ә-

Құжаттың басы

-Б-

Байланыс Режимі
Байланыс режимі осы принтерде басып шығару үшін қолданылатын желі түрі мен протоколды (TCP/IP) сипаттайды.

Баспа Сервері
Қараңыз HP Jetdirect Баспа Сервері.

Бір мәртебелі нысандар желісі
Қараңыз Құрылғыдан Құрылғыға Желісі.

Құжаттың басы

-В-

Құжаттың басы

-Г-

Құжаттың басы

-Ғ-

Құжаттың басы

-Д-

Драйверлер
Қараңыз Принтер Драйвері, PCL немесе PostScript.

Құжаттың басы

-Е-

Құжаттың басы

-Ё-

Құжаттың басы

-Ж-

Желі Атауы
Желі атауы сымсыз желіге негізгі кіруді қамтамасыз ететін әріптік-сандық, регистрге сезімтал таңбалар тізбегі болып табылады. Оған қоса, желі атауы «қызметтік орнатпаларды танушы» немесе SSID деген атаумен де танымал.

Желі құрылғысының, MAC немесе Орналасу Адрестері
Аспаптық құрылғының адресі, Медиаға Кіру Басқарылуы (MAC) немесе орналасу адресі ретінде де белгілі және желідегі әр торапты немесе құрылғыны бірегей түрде белгілейтін арна деңгейінің адресі болып табылады. IEEE 802.3 желі стандарттарымен белгіленгендей, ол 12 цифрлы оналтылық саннан тұрады (мысалы, 001083123ABC). Құрылғы адресі құрылғы жабдықтаушысымен белгіленеді.
HP әр HP Jetdirect баспа сервері үшін бірегей құрылғы адресін белгілейді. Сіз өзіңіздің HP Jetdirect баспа серверіңіздің құралдық адресін HP Jetdirect тест бетін басып шығару жолымен белгілей аласыз. HP Jetdirect сыртқы баспа серверлері үшін, ол адрес оған қоса баспа серверіне жабыстырылатын жапсырмада да көрсетілген.

Жергілікті Желі
Жергілікті желі маршрутизаторлардың немесе шлюздердің сыртына шықпайтын желі болып табылады. Компьютеріңіз және принтеріңіз (немесе Барлығы біреуде құрылғыңыз) жергілікті желіге қосылған болса, олар ұқсас желі кабелінің сегментіне қосылады.

Құжаттың басы

-З-

Құжаттың басы

-И-

Құжаттың басы

-Й-

Құжаттың басы

-К-

Клиент-Сервер Баспасы
Клиенттік компьютерлер баспа тапсырмаларын арнайы сервер компьютерлеріне жіберіп, олар әр принтердің (немесе Барлығы-біреуде құрылғыларының) қолданылуын бақылап отырады.

Құжаттың басы

-Қ-

Қолдау Талаптары

Ескерту: Принтерді тану барысында жүйе жылдамдығы мен желі көлеміне байланысты олардың жұмысында eлеулі өзгерістер пайда болуы мүмкін.

Қосымша желі
Жалпы адрес құрам бөліктерін бөлетін желінің бір бөлігі.
TCP/IP желілерінде қосымша желілер ІР адрестерінің ұқсас префикстері бар барлық құрылғылар ретінде анықталады. Мысалы, барлық құрылғылар ІР адрестері 100.100.100. басталатын болса, олар сондай қосымша желі бөліктері болады. Желіні қосымша желілерге бөлу қауіпсіздік және орындаушылық мақсаттарында қажет. IP желілері қосымша желілерге қосымша желі маскасын пайдалана отырып бөлінеді.

Қосымша желі Маскасы
Қосымша желі маскасы TCP/IP желілерін қосымша желілерге бөлу үшін қолданылатын механизм болып табылады (қосымша желілерге бөлу қолданылған жағдайда). Қосымша желілерге бөлу кең желіні барынша тиімді пайдалануға көмектеседі. Қосымша желі маскасының қалыбы IP адреске ұқсас: n.n.n.n, бұндағы n 0-ден 255-дейінгі санды білдіреді. Қосымша желі маскасы белгіленбеген болса, әдетте компьютеріңіз үшін белгіленген қосымша желі маскасы қолданылады.
IP адресіне қатысты қолданылғанда, қосымша желі маскасы желіні/қосымша желіні тану үшін қолданылатын IP адресінің бөлігін және жеке хост торабын тану үшін қолданылатын бөлігін анықтайды.

Құпия Сөз
Таңбалардың Wi-Fi Қорғалған Кірісті (WPA) Желіні құруға арналған таңбалар жинағы.

Құрылғы адресі
Қараңыз Жергілікті желі құрылғысының, MAC немесе Орналасу Адрестері

Құрылғыдан Құрылғыға Желісі (Арнайы)
Құрылғыдан Құрылғыға Желісі 2 немесе одан да көп сымсыз құрылғының орталықтандырушы базалық станцияны немесе Сымсыз Кіру Нүктесін (WAP) пайдаланбай байланысуы болып табылады. 

Құжаттың басы

-Л-

Құжаттың басы

-М-

Маршрутизатор
Сымсыз желілері бойынша, қараңыз
Сымсыз Кіру Нүктесі (WAP).

Құжаттың басы

-Н-

Құжаттың басы

-Ң-

Құжаттың басы

-О-

Құжаттың басы

-Ө-

Өндірушімен белгіленген стандартты баптаулар, HP Jetdirect
Қараңыз Суықтай қайта қосу.

Құжаттың басы

-П-

Порт Атауы
Порт Атауы диалог терезесі Windows NT және Windows 2000 жүйелерінде ғана шығарылады. Бұл диалог терезесі Желілік Байланысты Орнату Режимінің диалог терезесінде «Стандартты порт атауын пайдалану» құсбелгісі белгіленбеген жағдайда және IP байланыс режимі таңдалған жағдайда ғана шығарылады.

Принтер орнатылардан бұрын принтер үшін құрылатын желілік порт атауын белгілей аласыз. Порт атауы принтер қасиеттерінде портты идентификациялау үшін қолданылады.

Жарамды порт атауының ұзындығы 63 таңбаға дейін болып, құрамында кез келген таңбалар бола алады. Компьютеріңіздегі порт атауы бірегей болуы тиіс. Порт атауы түйіндеме экранында және тест бетінде шығарылады.

Принтер Атауы
Қажетті принтерді атау ережелерін орындай отырып, принтер атауын енгізіңіз. Ол атау жүйеңіздегі Принтерлер папкасында принтер белгішесін тану үшін қолданылатын болады. Принтерлер папкасын экранға шығару үшін Windows жүйеңіздің Жұмыс столындағы Бастау батырмасын басып, Баптаулар тармағының ішінен Принтерлер батырмасын басыңыз.

Принтер Драйвері
Принтерді басқаратын бағдарлама.
Сіз құжатты басып шығарғанда, принтер драйвері деректерді принтерге дұрыс басқару командаларымен үйлестіріп жеткізеді. Қазіргі заманғы операциялық жүйелердің көбі принтердің ең көп тараған түрлерінің принтер драйверлерімен жабдықталып жеткізіледі, бірақ сіз принтерді пайдаланбас бұрын оларды орнатуға тиістісіз. Оған қоса, Сіз жаңартылған драйверлерді принтер өндірушісінің Веб сайтынан жүктей аласыз. Қараңыз PCL немесе PostScript.

Принтерді Ортақ пайдалану
Принтерді ортақ пайдалану желі пайдаланушыларына осы принтерден осы компьютер арқылы басып шығару мүмкіндігін береді. Осы орнату утилитасы принтерді ортақ пайдалану қызметін тек Windows 2000 және Windows NT 4.0 жүйелерінде ғана қолдайды. Жүйеде принтерді ортақ пайдалану үшін баспа сервері қызметі қосыла алады. Сіз келесі опциялардың бірін таңдауыңыз керек:

Құжаттың басы

-Р-

Құжаттың басы

-С-

Стандартты Шлюз
Қараңыз Шлюз.

Суықтай қайта қосу
Орындамас бұрын суықтай қайта қосуды, өзіңіздің принтеріңіз бен Jetdirect баспа серверінің тест бетін басып шығару ұсынылады.

HP Jetdirect сыртқы баспа серверінің өндірушімен орнатылған стандартты баптауларын қайта қосу үшін қорек сымын ажыратып, одан кейін, қорек сымын қайта жалғағанда баспа серверіндегі Тест батырмасын басыңыз. Баспа сервері жұмысын қайта бастауын күтіңіз.

HP Jetdirect ішкі серверлерін қайта қосу үшін, принтеріңіздің (немесе Барлығы-біреуде құрылғыларын) суықтай қайта қосуды орындап, баспа сервері жұмысын қайта бастауын күтіңіз. (HP LaserJet принтер модельдерінің көбінде қорегін қосқаныңызда, принтердің басқару панеліндегі «Өту» батырмасын басуға болады. Өзге принтерлер бойынша ақпаратты принтерді пайдалану нұсқаулығынан қараңыз.)

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Принтеріңізді қайта орнату нәтижесінде барлық баспа баптаулары өшіп қалуы мүмкін.

Сымсыз Желі (Инфрақұрылым)
Сымсыз Желі коммерциялық немесе қоғамдық қызметтерді пайдалану үшін орталықтандырылған базалық станцияны немесе Сымсыз Кіру Нүктесі (WAP) пайдалана отырып байланысқан құрылғылардан тұрады.

Сымсыз желі хабы
Қараңыз Сымсыз Кіру Нүктесі (WAP).

Сымсыз Кіру Нүктесі (WAP)
Сымсыз Кіру Нүктесі (WAP) Сымсыз Желі құрылғылары (мысалы, компьютерлері немесе принтерлер) өзі арқылы бір бірімен байланысатын құрылғы болып табылады. Оған қоса, WAP «базалық станция» деп те аталады.

Сымсыз профайл
Сымсыз профайл ішінара сымсыз желіге қатысты қолданылатын сымсыз желі баптауларының жинағы болып табылады. Мысалы, сымсыз жергілікті желі картасының үй желісіне арналған бір профайлы және офистік желі үшін екінші профайлы бар. Құрылғыны желіге орнатқанда, дұрыс профайлдың таңдалғандығына көз жеткізіңіз.

Құжаттың басы

-Т-

Құжаттың басы

-У-

Құжаттың басы

-Ұ-

Құжаттың басы

-Ү-

Құжаттың басы

-Ф-

Құжаттың басы

-Х-

Құжаттың басы

-Һ-

Құжаттың басы

-Ц-

Құжаттың басы

-Ч-

Құжаттың басы

-Ш-

Шлюз
A шлюзі екі бөлек (мысалы, түрлі байланыс протоколын, деректерді форматтау әдісін, құрылымды немесе құрылысты пайдаланатын) желіні байланыстыратын маршрутизатор немесе компьютер болып табылады. Желі қосалқы желілерге бөлінген жағдайда, көп жағдайда шлюз желі өткізгіштігін бақылап отыру үшін бір қосалқы желіні екіншісінен оқшаулау үшін пайдаланылады.
TCP/IP желілерінде әр желілік құрылғы көп жағдайда ең жақын шлюздің ІР адресімен конфигурацияланады. Желіде шлюз болмаған жағдайда, әдетте компьютеріңіздің IP адресі қолданылады.
Көбірек ақпарат алу үшін қараңыз Кең тараған IP Желілерінде Принтерлерді Қосу.
Сымсыз желілер бойынша қараңыз Сымсыз Кіру Нүктесі (WAP).

Құжаттың басы

-Щ-

Құжаттың басы

-Ъ-

Құжаттың басы

-Ы-

Құжаттың басы

-І-

Құжаттың басы

-Ь-

Құжаттың басы

-Э-

Құжаттың басы

-Ю-

Құжаттың басы

-Я-

Құжаттың басы