Принтерлер табылды
Принтерлер табылды экраны жергілікті желіде анықталған принтерді таңдауыңызға немесе желі, USB немесе параллель қосылған принтерлерді орнатуға арналған қосымша орнату параметрлерін алуыңызға мүмкіндік береді.
- Анықталған желі принтерін орнатыңыз. Жергілікті желіден анықталған барлық принтерлердің (немесе көп функциялы құрылғылар) тізімінен қажетті принтерді таңдап, Келесі батырмасын басыңыз. Желіден принтерлерді басқаша іздеу үшін Қайта іздеу батырмасын басыңыз.
- Принтерімді табуыма көмектесіңіз. Егер сіздің қажетті желілік принтеріңіз тізімде берілмесе немесе сіздің компьютеріңізге тікелей қосылатын принтерді USB немесе параллель кабель арқылы орнатқыңыз келсе, осы параметрді таңдаңыз. Желілік принтерлер үшін бұл параметр принтерді IP мекенжайы арқылы іздеу сияқты қосымша іздеу параметрлерімен қамтамасыз етеді.
Ескерту: Жергілікті желіде орналаспаған принтерлерді орнату үшін Принтерлерді Үлкен IP желілеріне қосу бөлімін қараңыз.
Тізімдегі принтерлер төмендегі өрістер бойынша анықталады. Аппараттық құрал мекенжайы принтерді анықтайтын ең оңай жол болуы мүмкін:
Моделі |
Принтер моделін анықтайды (мысалы, HP LaserJet 5000 сериялы). Моделі анықталмаған, принтер өшірілген немесе ешқандай принтер жалғанбаған жағдайда, Белгісіз хабары шығады. HP Jetdirect сыртқы баспа серверлері үшін принтер жалғанып, табылмаған жағдайда төмендегі хабарлар шығады:
- Параллель: Центроникалық Принтер/Плоттер
- USB (бір бағытты): Бір бағытты периферийлі
- USB (екі бағытты): Екі бағытты периферийлі
|
Аппараттық құрал мекенжайы |
(Станция мекенжайы немесе MAC мекенжайы деп те аталады). Жергілікті желідегі құрылғыны бірегей ретпен анықтайды. HP принтерлері және бірнеше принтер порттары бар HP Jetdirect сыртқы баспа серверлері үшін порт нөмірі (1-порт, 2-порт, 3-порт) берілуі мүмкін. Бұл мекенжай баспа серверінің конфигурация (сынақ) бетінде беріледі.
|
IP мекенжайы |
(Интернет протоколы) TCP/IP желісіндегі құрылғыны бірегей ретпен анықтайды және желілік әкімші арқылы тағайындалады. IPv4 және IPv6 мекенжайлары осы тізімде көрсетіледі. Егер принтердің бірнеше мекенжай болса, ол әрбір мекенжай үшін бір рет шығып, пайдаланылатын интерфейсті таңдауыңызға мүмкіндік береді.
Ескерту: HP Jetdirect баспа сервері қосылғанда және жарамды IP мекенжайымен екі минуттың ішінде конфигурацияланбағанда, Авто-IP мекенжайы (169.254.x.x) немесе әдепкі IP мекенжайы (192.0.0.192) автоматты түрде тағайындалады. HP компаниясы әдепкі IP мекенжайының өзгертілуін ұсынады. Егер әдепкі мекенжайы бірдей бірнеше принтер берілсе, дұрыс принтерді анықтау үшін Аппараттық құрал мекенжайын тексеріңіз. |
IP хост аты |
IP хост аты принтердің ІР мекенжайының орнына пайдалануға болатын жақын (немесе оңай анықталатын) атау болып табылады. Желідегі атау сервері хост аттарын сәйкес IP мекенжайларына орналастыру үшін орнатылғанда оны пайдалануға болады. Егер хост аты тағайындалып, принтерде конфигурацияланса (мысалы, printer1.marketing.com), принтерді анықтау үшін хост атын көрсетуіңізге болады. |
Ескерту: Егер өрісті енгізу қысқартылса және сіздің өрісті толығымен көргіңіз келсе, өріс енінің өлшемін өзгертіңіз. Өлшемін өзгерту үшін курсорды өріс тақырыбының жиегіне қойыңыз, содан кейін басып жылжытыңыз.
Желілік конфигурация бетін басып шығаруға қатысты нұсқауларды принтермен бірге келген құжаттардан қараңыз.
Егер таңдалған принтер SNMP қоғамдық атауы немесе Jetdirect кілтсөзі арқылы қорғалса, сізге Қоғамдық атау немесе кілтсөз туралы нұсқау беріледі.
Толық ақпарат алу үшін:
Желімен басып шығаруға қатысты терминдердің глоссарийі