Қорғаныс Жүйесі Анықталды
Windows қорғаныс жүйесі арқылы байланыс орнату үшін орнатқыш өзін Microsoft сипаттамаларының көмегімен қорғаныс жүйесінің ерекшеліктері тізіміне қосады. Бұл орнатқышқа желідегі принтерлермен байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
Желіңіздегі принтерлерді іздеу және орнатуды жалғастыру үшін Келесі шертіңіз. Немесе орнатқыштан шығу үшін Бас тарту шертіңіз.
Егер Сізде қорғаныс жүйесі (ZoneAlarm©, BlackICE©, Sygate Security Agent©, және Norton Personal Firewall© және т. б. сияқты) қосылған болса, қорғаныс жүйеңіздің жабдықтаушысының құжаттамасынан қорғаныс жүйесін өшіру жөніндегі нұсқауларды қараңыз.
Бағдарламалық құралдың қорғаныс жүйесі өшірілген жағдайда, HP компьютеріңізге келесілерді орнатуды қатаң ұсынады:
-
Интернет пен компьютеріңіздің арасында қорғаныс жүйесінің қорғанысын қамтамасыз ететін шлюз сияқты аспаптық құрылғыны.
-
Ең жаңа вирусты анықтау бағдарламасын.
Байланыс ақаулықтарын түзету бойынша негізгі мәліметтерді табу үшін принтеріңізбен бірге жеткізілетін құжаттаманы қарап, келесі адрес бойынша орналасқан қолдау веб-сайтына кіріңіз http://www.hp.com/support.
Қорғаныс жүйесі жиі байланыс қиыншылықтарын тудырып отырады. Қорғаныс жүйесі желілік компьютерде қосылған болса, келесідей қиындықтар туындауы мүмкін:
Бағдарламалық құралды орнату барысында:
-
HP принтерін орнатушы бағдарлама желідегі HP принтерінің орнын анықтай алмайды. Қателік жөніндегі хабар желіде ешқандай принтердің анықтала алмайтындығы жөнінде ескертеді. Бұл мәселені болдырмау үшін, HP принтерінің бағдарламалық құралын орнату барысында қорғаныс жүйесін уақытша өшіріңіз. Қорғаныс жүйеңіздің жабдықтаушысының құжаттамасынан қорғаныс жүйесін өшіру жөніндегі нұсқауларды қараңыз.
Бағдарламалық құралды орнатқаннан кейін:
-
НР принтерінің IP адресі өзгертілсе, компьютеріңіз НР принтерімен байланыса алмайды. Барлық баспа, сканерлеу, компьютерлік факс және бейнелеуді тапсыру тапсырмалары сәтсіздікке ұшырап, өнім мәртебесі HP принтерінің ажыратылғандығын көрсетіп отырады. Үй желісі ортасында IP адресінің кейде өзгертілетіні қалыпты жағдай болып табылады. Бағдарламалық құралдың қорғаныс жүйесі қосылмаған болса, компьютер мен НР принтеріне байланысты жалғастыру мүмкіндігін беретін жаңа адрес компьютерге жіберіледі. Бұл мәселені болдырмау үшін, қорғаныс жүйеңізді өшіріңіз, немесе, желілік жүйелермен таныс жетік тәжірибелі пайдаланушы болсаңыз, Сіз оның орнына тұрақты IP адресін пайдалануды таңдай аласыз. Принтеріңізді тұрақты ІР адресімен қалай конфигурациялау жөніндегі кеңестерді келесі адрес бойынша орналасқан НР веб-сайтын қараңыз http://www.hp.com/support.
-
Егер Сізде HP барлығы-біреуде құрылғысы болса, Сіз файлдарды компьютеріңізге көшіру үшін HP барлығы-біреуде құрылғысының жад картасының ұясын пайдалана алмайсыз. Ол фото картасындағы файлдардың карталанған желі жетегінен немесе бейне тапсыру бағдарламалық құралынан қол жеткізілмейтіндігі себебіне байланысты.
Қорғаныс жүйелері бойынша көбірек ақпарат алу үшін Сіз HP веб-сайтына кіре аласыз.
Windows Vista жүйесіндегі Windows Firewall қорғаныс жүйесін Қалай өшіруге болады:
-
Бастау > Желі батырмасын басыңыз.
-
Оң жақ батырманы Желі тармағына әкеліп басып, Қасиеттер тармағын таңдаңыз.
-
Төменгі сол жақ бұрыштағы Windows Firewall батырмасын басыңыз.
-
Windows Firewall қосу/өшіру опциясын таңдаңыз.
-
Пайдаланушының Кіруін Басқару диалог терезесінен «Жалғастыру» опциясын Таңдаңыз .
-
Қорғаныс жүйесін өшіру үшін «Өшіру» опциясын таңдап, одан кейін OK батырмасын басыңыз. Windows Firewall өшірілді.
Windows XP жүйесінде Интернет Байланысының Қорғаныс жүйесін (ICF) қалай өшіруге болады:
-
Экраныңыздың төменгі жағындағы тапсырмалар панелінде Бастау батырмасын басып, одан кейін Басқару Панелі тармағын таңдаңыз.
-
Желі және Интернет Байланысы дәрежесін таңдаңыз. (Желі және Интернет Байланысы көрінбесе, Басқару Панелінің сол жағындағы Басқару Панелі тармағының астындағы Көрінісіне Ауыстыру батырмасын басыңыз.)
-
Желі Байланыстары тармағын ашыңыз.
-
Өзіңіз Интернетке қосылу үшін пайдаланып жүрген Теру жолымен, Жергілікті желі немесе Жоғары жылдамдықты Интернет байланысын таңдап,оң жақтағы түймені басыңыз. Контекстілі мәзірден Қасиеттер тармағын ашыңыз.
-
Интернет Байланысының Қорғаныс жүйесі тармағындағы Жетілдірілген жиекбелгісінде Компьютерімді немесе желімді қорғау тармағын таңдауын алып тастаңыз немесе өшіріңіз және одан кейін OK батырмасын басыңыз. Windows XP Қорғаныс жүйесі өшірілді.
-
Принтерді орнатуды жалғастыру үшін шебер орнатпасындағы Келесі батырмасын басыңыз.
-
Интернет Байланысының Қорғаныс жүйесін принтерді орнатқаннан кейін қосу үшін, жоғарыда сипатталған адымдарды Компьютерімді немесе желімді қорғау опциясына дейін орындаңыз. Одан кейін Компьютерімді немесе желімді қорғау опциясын қайта таңдаңыз.
Ескерту: Орнатуды аяқтағаннан кейін Windows Firewall қосылғандығына көз жеткізіңіз.