Принтер Табылмады

Орнату шебері принтермен байланысты орната алмайды.

Қорғаныс жүйесі осы компьютерде қосылған болса, ол орнатушыға принтерді анықтауға кедергі жасауы мүмкін. Орнатуды жалғастырмас бұрын, компьютеріңіздегі қорғаныс жүйесін уақытша өшіріңіз.

Егер Сізде қорғаныс жүйесі (ZoneAlarm©, BlackICE©, Sygate Security Agent©, және Norton Personal Firewall© және т. б. сияқты) қосылған болса, қорғаныс жүйеңіздің жабдықтаушысының құжаттамасынан қорғаныс жүйесін өшіру жөніндегі нұсқауларды қараңыз.

Бағдарламалық құралдың қорғаныс жүйесі өшірілген жағдайда, HP компьютеріңізге келесілерді орнатуды қатаң ұсынады:

Байланыс ақаулықтарын түзету бойынша негізгі мәліметтерді табу үшін принтеріңізбен бірге жеткізілетін құжаттаманы қарап, келесі адрес бойынша орналасқан қолдау веб-сайтына кіріңіз http://www.hp.com/support.

Қорғаныс жүйесі жиі байланыс қиыншылықтарын тудырып отырады. Қорғаныс жүйесі желілік компьютерде қосылған болса, келесідей қиындықтар туындауы мүмкін:

    Бағдарламалық құралды орнату барысында:

    Бағдарламалық құралды орнатқаннан кейін:

Қорғаныс жүйелері бойынша көбірек ақпарат алу үшін Сіз HP веб-сайтына кіре аласыз.

Windows Vista жүйесіндегі Windows Firewall қорғаныс жүйесін қалай өшіруге болады:

  1. Бастау > Желі батырмасын басыңыз.
  2. Оң жақ батырманы Желі тармағына әкеліп басып, Қасиеттер тармағын таңдаңыз.
  3. Төменгі сол жақ бұрыштағы Windows Firewall батырмасын басыңыз.
  4. Windows Firewall қосу/өшіру опциясын таңдаңыз.
  5. <Пайдаланушының Кіруін Басқару диалог терезесінен b>«Жалғастыру» опциясын Таңдаңыз .
  6. Қорғаныс жүйесін өшіру үшін «Өшіру» опциясын таңдап, одан кейін OK батырмасын басыңыз.  Windows Firewall өшірілді.

Windows XP жүйесінде Интернет Байланысының Қорғаныс жүйесін (ICF) қалай өшіруге болады:

  1. Экраныңыздың төменгі жағындағы тапсырмалар панелінде Бастау батырмасын басып, одан кейін Басқару Панелі тармағын таңдаңыз.
  2. Желі және Интернет Байланысы дәрежесін таңдаңыз. (Желі және Интернет Байланысы көрінбесе, Басқару Панелінің сол жағындағы Басқару Панелі тармағының астындағы Көрінісіне Ауыстыру батырмасын басыңыз.)
  3. Желі Байланыстары тармағын ашыңыз.
  4. Өзіңіз Интернетке қосылу үшін пайдаланып жүрген Теру жолымен, Жергілікті желі немесе Жоғары жылдамдықты Интернет байланысын таңдап, он жақтағы түймені басыңыз. Контекстілі мәзірден Қасиеттер тармағын ашыңыз.
  5. Жетілдірілген жиекбелгісін ашып, Интернет Байланысының Қорғаныс жүйесі тармағындағы Компьютерімді немесе желімді қорғау тармағын таңдауын алып тастаңыз немесе өшіріңіз. Одан кейін OK батырмасын басыңыз. Windows XP Қорғаныс жүйесі өшірілді.
  6. Принтерді орнатуды жалғастыру үшін шебер орнатпасындағы Келесі батырмасын басыңыз.
  7. Интернет Байланысының Қорғаныс жүйесін принтерді орнатқаннан кейін қосу үшін, жоғарыда сипатталған адымдарды Компьютерімді немесе желімді қорғау опциясына дейін орындаңыз. Одан кейін Компьютерімді немесе желімді қорғау опциясын қайта таңдаңыз.

Ескерту: Орнатуды аяқтағаннан кейін Windows Firewall қосылғандығына көз жеткізіңіз.